ПОДЕЛИТЬСЯ
30 наурыз 2022 | 08:59
Көкшетауда ер адам баланың көзінше екі адамды өлтіріп кеткен
Көкшетауда ер адам баланың көзінше екі адамды өлтіріп кеткен, - деп хабарлайды Polisia.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Көкшетауда ер адам баланың көзінше екі адамды өлтіріп кеткен, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлердің мәліметінше, қылмыс жасалған күні қаскүнем мас күйінде екі әйел мен бала бар үйге келген. Ер адам әйелдерді бірнеше соққыға жығып, пышақ сұғып алған.
"Ол пәтер мен көпқабатты үйдің кіреберісінде аяусыз әрекет еткен. Марқұмдар 37 және 68 жаста болған. Қылмыс куәгері - зардап шеккендердің бірінің қызы. Қылмыскер кісі өлтіргеннен кейін қашып кеткен. Қылмыс болған оқиға орнында не болғанын анықтауға, дәлелдерді толық жинауға, куәгерлерді іздеуге уақыт қажет болды, сол уақытта ол елден кетіп қалды. Кейінірек оның екі адамның өліміне қатысы бар екені дәлелденді. Қылмыскерге халықаралық іздеу жарияланды", - делінген хабарламада.
Біраз уақыттан кейін тәртіп сақшылары қылмыскердің көрші мемлекет аумағында орналасқан жерін анықтаған.
"Ол біреудің атымен жасырынып, тіпті отбасын құрған. Көкшетаулық тергеушілер прокуратураға оны Қазақстанға экстрадициялау туралы өтініш білдірді. Ол қазір жазасын өтеп жатыр", - деді полиция өкілдері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также