ПОДЕЛИТЬСЯ
05 тамыз 2022 | 15:38
Көкшетауда жалған шот-фактура жасаған ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сотталды
ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті жалған шот-фактураларды берумен айналысқан ұйымдасқан топ құру және оны басқару дерегі бойынша қылмыстық істі аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоға сілтеме жасап.

"Ұйымдасқан қылмыстық топ Көкшетауда 2016 жылғы ақпаннан 2019 жылғы шілдеге дейін өз қызметін жүзеге асырған кезеңде мүліктік пайда алу мақсатында контрагент кәсіпорындарға тауарларды жеткізбей, жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, бірнеше рет жалған шот-фактуралар берген.
Кейін заңсыз жолмен алынған қаражат ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері арасында таратылған. Салық төлеуден жалтару арқылы "Фирма Строинвест Астана" ЖШС, "Алад-Көкше" ЖШС мемлекетке жалпы сомасы 184 миллион теңгеден аса шығын келтірген", - делінген хабарламада.
Сот үкімі бойынша, кінәлілер жазасын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеу арқылы қылмыстық жолмен табылған сомадағы қаражаты тәркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также