23 сәуір 2023 | 09:12

Көкшетауда полицейлер кісі өліміне күдікті әйелді ұстады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Көкшетауда полицейлер азаматтық некедегі күйеуін өлтірді деген күдікпен әйелді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 716.kz басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Көкшетауда полицейлер азаматтық некедегі күйеуін өлтірді деген күдікпен әйелді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 716.kz басылымына сілтеме жасап.

19 сәуірде қалалық полиция басқармасына қала тұрғыны кенет қайтыс болғаны туралы хабарлама түскен.

Полиция қызметкерлері оқиға орнына барған кезде 45 жастағы ер адамды өлі тапқан. Оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болған.

Реклама
Реклама

Тергеу барысында ер адамға ауыр дене жарақатын салды деген күдікпен марқұммен бірге тұрған әйел ұсталған.

Қайғылы оқиға болған күні азаматтық некедегі ерлі-зайыпты пәтерде өздері болғаны және олардың арасында жанжал туындағаны анықталған. Жанжал кезінде күдікті ер адамның кеудесіне пышақ сұққан, сот-медициналық сарапшының қорытындысы бойынша соның салдарынан жәбірленуші қайтыс болған.

Полиция басқармасы осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігі бойынша тергеуді бастады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная