28 маусым 2022 | 13:05

Көкшетауда сот ғимараттарына "бомба қойылғаны" туралы хабарлама түсті

Дина Шарипханова Корреспондент
Видео кадры

Көкшетауда облыстың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мен қалалық соттың ғимараттарына жарылғыш зат қойылғаны туралы екі хабарлама түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Көкшетауда облыстың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мен қалалық соттың ғимараттарына жарылғыш зат қойылғаны туралы екі хабарлама түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақпаратты Ақмола облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

Полиция мәліметінше, жарылғыш зат туралы хабарлама 10 минут айырмашылықпен түскен.

Реклама
Реклама

"Адамдар эвакуацияланды, ғимарат тексерілді, құрылғылар табылған жоқ", - деді полицейлер.

ПД өкілі екі дерек бойынша да қылмыстық іс қозғалатынын айтты.

Желіде оқиға орнынан видео пайда болды. 716.kz ақпараттық порталы мәліметінше, қылмыстық сот қызметкерлерінің бірі жұмысқа келіп, поштаны тексеріп, сот ғимаратына жарылғыш зат салынғаны жазылған хат тапқанын айтқан. Ол дереу полиция шақырған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная