24 қаңтар 2023 | 10:09

Көкшетаудағы арнайы операция: бопсалаушылар тобы ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото polisia.kz

Ақмола облысы Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері тұрғынды қорқыту жолымен екі несие рәсімдеген бопсалаушыларды ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақмола облысы Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері тұрғынды қорқыту жолымен екі несие рәсімдеген бопсалаушыларды ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Көкшетау полициясына бопсалау дерегі туралы облыстық орталықтың 22 жастағы тұрғыны жүгінген. Оның айтуы бойынша, белгісіз үш жігіт оны пәтерге күшпен кіргізіп, денесіне зақым келтіріп, кейін пышақпен қорқытып, үлкен мөлшерде қаражат талап еткен.

"Жағдайларды егжей-тегжейлі анықтаған жедел уәкілдер жәбірленушінің бұған дейін ВКонтакте әлеуметтік желісінде қызбен танысқанын анықтады. Алғашқы кездесуден кейін оны бопсалаушылар "ұстап алған". Жәбірленушіде талап етілген сома болмағандықтан, қаскөйлер оның телефонындағы банктердің қолданыстағы қосымшалары арқылы екі онлайн-несие рәсімдеп, жәбірленушіні үнемі өздерінің бақылауында ұстап, жақын маңдағы банкоматтардан ақшаны шешіп алған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қолма-қол ақша берген жәбірленуші бірден полицияға жүгінген. Дерек ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігі ("Қорқытып алу") бойынша соталды тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

"Көкшетауда арнайы операция нәтижесінде ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері күдіктілерді ұстады. Облыс орталығының 25 жастағы тұрғыны, олардың "көшбасшысына" қатысты "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы тағайындалды, екі қатысушыға қатысты шара қабылданып, қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная