23 мамыр 2022 | 21:33

Қоқыс үйіндісінен 4 жасар қыз өлі табылды. Күдіктілер ұсталды

Алматы облысы Сарқан қаласында церебралды сал ауруы бар 4 жасар қызды өлтірді деген күдіктілер қамауға алынды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысы Сарқан қаласында церебралды сал ауруы бар 4 жасар қызды өлтірді деген күдіктілер қамауға алынды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдікті - қыздың анасы мен баланың туған ағасы. Полиция мәліметінше, күдіктілер 4 жасар қызды тұншықтырып, денесін қаладағы қоқысқа тастағанын мойындаған. 

Қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 3-бөлігі бойынша жүріп жатыр. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес күдіктілер мүлкін тәркілеумен немесе онсыз 20 жылдан өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 19 мамырда Алматы облысында 4-5 жасар қыз қоқыстан өлі табылғаны хабарланған болатын.

Полицейлер бала мен оның анасының жеке басын анықтады. Баланың анасы 19 жастағы жергілікті тұрғын болып шыққан. Оның айтуынша, қызы 2017 жылы дүниеге келген. Ол церебральді сал ауруына шалдыққан, сондай-ақ, балада туа біткен ақыл-ой кемістігі болған.

 
Биыл ақпанда бала ауырып, кенет қайтыс болған. Сондықтан әйел ағасымен бірге қызды қала шетіне жасырын түрде жерлеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная