11 сәуір 2022 10:34

Көлігін балалар алаңына қойған әйел Желідегі видеодан кейін жазаланды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Алматыда әлеуметтік желіде тараған видеодан кейін балалар алаңына көлігін қойған әйел жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда әлеуметтік желіде тараған видеодан кейін балалар алаңына көлігін қойған әйел жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қалалық полиция департаменті бастығының жедел-іздестіру жұмыстары жөніндегі орынбасары Рүстем Әбдірахмановтың айтуынша, әлеуметтік желіде әйел көлігін балалар алаңына қойып жатқаны түсірілген видеоның астына көптеген қолданушылар полицияны белгілеген.

Реклама
Реклама

Аталған факт бойынша тексеруді Алматы қалалық ІІД Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жүргізген. Оқиғаға Mitsubishi Outlander көлігінің 1986 жылғы иесі кінәлі деп танылып, ол ҚР ҚК 597-бабының 2-бөлігімен "Көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою ережелерін бұзу" бойынша жауапкершілікке тартылған.

Әбдірахманов мұндай әрекетке жол беруге болмайтынын еске салды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram