Көлік полицейлері ОҚО-ның 3 тұрғынынан аса ірі көлемде есірткі затын тәркіледі

© Tengrinews.kz

К?лік полицейлері О?т?стік ?аза?стан облысыны? 3 т?р?ынынан аса ірі к?лемдегі есірткі затын т?ркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі К?ліктегі ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Көлік полицейлері Оңтүстік Қазақстан облысының 3 тұрғынынан аса ірі көлемдегі есірткі затын тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Көліктегі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Луговой станциясындағы ішкі істер желілік бөлімінің қызметкерлерімен жедел іс-шаралар өткізу барысында "Құрағаты-Тәтті" өткелінде Оңтүстік Қазақстан облысының үш тұрғыны ұсталды.

Жеке тексеру барысында олардан жалпы салмағы 23 келіден аса марихуана есірткі заты табылып, тәркіленіп алынды. Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі бойынша ("Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау") тіркелді.

Реклама
Реклама

Күдіктілер қазір уақытша ұстау изоляторына орналастырылды.

Еске сала кетейік, жыл басынан бері Көліктегі ІІД бөліністерімен заңсыз есірткі айналымына қатысты 287 құқық бұзушылық анықталды, олардың бесеуі есірткі заттарын заңсыз өткізуге, 38-і заңсыз сақтауға, 8-і есірткі заттарының контрабандасына қатысты. Еліміздің көлік сақшыларымен заңсыз айналымнан 153 келіден аса есірткі заттары тәркіленді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама