11 наурыз 2021 | 12:35

"Көлік 250 мың теңгеге сатылады": Павлодарда интернет-алаяқтар ұсталды

Фото: elements.envato.com

Павлодардың екі тұрғыны бірнеше интернет-алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды. Олар танымал сайттардың бірінде көлік сату туралы хабарландырлар арқылы құрбандарын алдап ақша алып отырған. Алдын ала болжам бойынша екі ер адам 300-ден аса алаяқтық әрекет жасады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодардың екі тұрғыны бірнеше интернет-алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды. Олар танымал сайттардың бірінде көлік сату туралы хабарландырлар арқылы құрбандарын алдап ақша алып отырған. Алдын ала болжам бойынша екі ер адам 300-ден аса алаяқтық әрекет жасады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар облысы полиция департаментінің ақпараты бойынша, олар жедел шара барысында ұсталды.

"Алаяқтар 2020 жылдың желтоқсанынан 2021 жылдың наурызына дейінгі кезеңде ұялы телефон арқылы Kolesa.kz сайтына түрлі модельдегі ВАЗ маркалы көліктерді 250 мыңнан 400 мың теңгеге дейін төмендетілген бағамен сату туралы хабарландырулар жариялап келген. Көлік суреттері осы сайттан көшірілген. Олармен сатып алушы хабарласып, келіскеннен кейін басқа адамдарға тіркелген банк карталарына алдын ала төлем жіберуді сұрайды. Ақшаны алғаннан кейін абоненттік нөмірлерді лақтырып жібереді", - деді Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

Реклама
Реклама

Полицейдің айтуынша, күдіктілер Павлодарда уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Алаяқтық дерегі бойынша ҚР ҚК-ның 190-бабы 2-бөлігіне сәйкес соталды тергеу басталды. Бұл адамдар 300-ден аса алдау әрекетін жасады деген күдікке ілінді", - деді Мәсімов.

Аталған баптың санкциялары мүлікті тәркілеп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұл салуды көздейді.

Полиция қызметкерлері белгісіз адамдардың алаяқтық әрекетінен зардап шеккендерге тұрғылықты жері бойынша полицияға жүгінуді сұрайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная