29 шілде 2021 | 15:42

Көлік ұрлаған павлодарлық апатқа ұшырағаннан кейін жаралы жолаушыны қалдырып кеткен

Павлодар қаласының тұрғыны көлікті ұрлап әкетіп, апатқа ұшырап, жарақат алған жолаушыны салонда қалдырып, қашып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодар қаласының тұрғыны көлікті ұрлап әкетіп, апатқа ұшырап, жарақат алған жолаушыны салонда қалдырып, қашып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, ұрлады және жол апатын жасады деген күдікпен Павлодар қаласының 35 жастағы тұрғыны ұсталды.

"28 шілде сағат 3:00-де Павлодар қаласы Павлов көшесіндегі үйдің маңынан күдікті Mercedes 280 автокөлігін айдап әкеткені анықталды. Жібек Жолы-Циолковский көшелерінің қиылысында тізгінге ие бола алмай, бетон бағаналарға соғылып, аударылған", - деді ведомствоның баспасөз қызметіндендегілер.

Реклама
Реклама

Полицияның мәліметінше, күдікті теміржол өткеліне жақындағанда апатқа ұшыраған. Жол апатынан кейін ер адам жараланған 35 жастағы жолаушыны көлік ішінде қалдырып, қашып кеткен. Полиция жәбірленуші күдіктінің танысы екенін анықтады. Жарақат алған әйел ауруханаға түсті.

"Ұрлау дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 200-бабы және 345-бабы "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Автокөлік айып тұрағына қойылды", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

Осы баптардың санкциялары белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейін айыруды, бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұл салуды, қоғамдық жұмыстарға тартуды, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная