ПОДЕЛИТЬСЯ
02 қазан 2020 | 10:13
"Көмек сұрады". Нұр-Сұлтанда ер адам танысын зорлады деген күдікке ілінді
Нұр-Сұлтанда келіншек танысынан зорланғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтанда келіншек танысынан зорланғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астаналық қыз "Не молчи" қорына оқиға 13 шілдеге қараған түні болғанын айтқан.
"Ер адам бұрын қарым-қатынаста болған қызға қоңырау шалып, оны алып кетуін өтінген. Себебі ол көп ішіп, үйіне өздігінен жете алмады. (...) Қыз таксиге қоңырау шалып, достарының көмегімен оны қонақүйге ол сонда ұйықтап алу үшін апарған. Ер адам қыздан қалуын өтінген, өйткені өзін нашар сезініп, көмекке мұқтаж болған. (...) Қонақүйде ол қызға шабуыл жасады, ұрып-соғып, зорлады, оны таңғы жетіге дейін жібермей, содан кейін жазасыздығына сенімді ол тыныш қана кетіп қалған", - делінген қор хабарламасында.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от НеМолчи.Kz (@nemolchi.kz) 1 Окт 2020 в 11:11 PDT
Нұр-Сұлтан полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық кодекстің 120-бабы ("Зорлау") бойынша соталды тергеу жүріп жатқанын хабарлады.
"Тергеу амалдары жүріп жатыр, бірқатар сараптама тағайындалды. Жәбірленуші күдіктімен 2015 жылдан бері таныс екені және қарым-қатынаста болғаны анықталды. 2020 жылдың 12 шілдесінде ол қызды саунаға шақырған, онда бірге уақыт өткізіп, содан кейін қонақүйге барып жыныстық қатынасқа түскен. 2020 жылдың 13 шілдесінде таңертең жәбірленуші полицияға зорлау туралы арыз жазды", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Полицияның мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Оның нәтижелері бойынша күдіктінің іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, түпкілікті шешім қабылданады. "Қылмыстық істі тергеу барысы бақылауда", - деп қосты тәртіп сақшылары.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также