09 маусым 2022 | 10:48

"Көмековтер" ұйымдасқан қылмыстық тобы сотталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ҚМА/видео кадры

"Көмековтер" ұйымдасқан қылмыстық тобы сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Көмековтер" ұйымдасқан қылмыстық тобы сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

ҚМА Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті "Көмековтер" ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты қылмыстық істі тергеді.

"Көмековтер ұйымдасқан қылмыстық топтың 7 белсенді мүшесін басқарғаны, олардың әрқайсы жалған кәсіпорындардың тұтас желісі арқылы іс жүзінде жұмыс істемей, шот-фактураларды берудің қылмыстық схемасында белгіленген қызмет жасағаны анықталды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

ҚМА мәліметінше, ұйымдасқан қылмыстық топтың заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде мемлекет бюджетіне салық түріндегі 1 миллиард теңгеден астам қаражат түспеген.

"Сот ұйымдасқан қылмыстық топтың кеңсесін және 17 миллион теңгеден астам қаражатты тәркілеумен қатар, мемлекеттік кірістер органдардың 10 миллиард теңгеден астам сомаға келтірілген залал сомасын өтеп беру туралы азаматтық талап арызын да қанағаттандырды.

Сот үкімі бойынша, ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысушылар түзеу мекемелерінде 3 жылдан 5 жылға дейін әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды, Көмековтер қылмыстық жолмен тапқан мүлкі тәркіленіп, 7 және 10 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная