Компанияларды рейдерлік жолмен басып алу ісі: ҚМА ақшалай сыйақы туралы жариялады

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Рейдерлік жолмен басып алумен айналысқан қылмыстық топтың жаңа сыбайластары анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Рейдерлік жолмен басып алумен айналысқан қылмыстық топтың жаңа сыбайластары анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұрын Қаржы мониторингі агенттігі ұзақ уақыт бойы рейдерлік тәркілеумен айналысқан бір топ адам әрекетін тоқтатқаны хабарланған болатын.

"Еске салайық, соталды тергеу аясында 5 қатысушы қамауға алынып, ұйымдастырушы Қоспаев Елдос, сондай-ақ оның сенімді адамдары Имашев Ерлан мен Шалин Русланды іздеу жарияланған болатын. Оларға қатысты сот сырттай бұлтартпау шарасын – қамауға алуды санкциялады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, қылмысқа қатысы бар басқа да сыбайластар анықталған - Қоспаев Айдос, Кудряшева Оксана және Кузнецов Алексей.

"Бұл адамдар да іздеуде. Іздеудегі адамдардың қайда екенін білетін болсаңыз, ҚМА сенім телефонына хабарласыңыз. Ақпарат бергені үшін ақшалай сыйақы, ал құпиялылыққа кепілдік беріледі", - делінген ҚМА мәліметінде.

ҚР ҚПК-ның 201-бабы негізінде іс бойынша өзге мәлімет жария етілмейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама