23 мамыр 2023 08:56

Қонаевта бірнеше ұрлыққа қатысы бар күдіктілер ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қонаевтың полицейлері облыс орталығының аумағында және көрші облыста бірқатар ұрлық жасаған күдіктілерді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қонаевтың полицейлері облыс орталығының аумағында және көрші облыста бірқатар ұрлық жасаған күдіктілерді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

7 сәуір Қонаев ҚПБ-ға Шеңгелді ауылының 55 жастағы тұрғыны үйден алтын бұйымдарын ұрлаған белгісіз тұлғаларға қатысты шара қабылдау туралы жазбаша арызданған.

"Тергеу-жедел тобы күдіктілердің үйге пластикалық терезе арқылы кіріп, жалпы сомасы 4 млн 170 мың теңге көлемінде ұрлық жасағанын анықтады. Дерек облыс орталығының полициясында ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша тіркелді. 1992, 1997 және 1996 жылғы күдіктілер тобы анықталды. Қазір олардың барлығы қамауға алынды. Күдіктілер Қонаев қаласының аумағында төрт ұрлық дерегін жасағанын және көршілес өңірдегі үш эпизодты мойындап отыр", - делінген ІІМ таратқан хабарламада.

Реклама
Реклама

Тергеу іс-шаралары жүріп жатыр. Күдіктілердің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram