ПОДЕЛИТЬСЯ
30 сәуір 2020 | 16:52
Қордайда қарияны ұрып-соққан әкесі мен баласы сотталды
Қордайда 78 жастағы ақсақал Төлеген Құдашбаевты ұрып-соққан екі адамға қатысты үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қордайда 78 жастағы ақсақал Төлеген Құдашбаевты ұрып-соққан екі адамға қатысты үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жамбыл облысы Сортөбе ауылының тұрғындары 27 жастағы Марат Юнху мен оның 60 жастағы әкесі Эрсмане Юнхуға ақсақалды ұрып-соқты деген айып тағылған.
Қылмыстық іс материалдары бойынша, 5 ақпанда түстен кейін Марат інісі үй ауласынан жүк көлігімен шығуы үшін жолдағы көліктерді тоқтатқан. Осы кезде Қаракемер ауылынан Төлеген Құдашбаев екі ұлы - 42 жастағы Нұрлан және 47 жастағы Марленмен бірге осы көшеде келе жатқан.
"Жолда бөгет болып тұрған Марат Юнхуды көрген Нұрлан Құдашбаев тоқтап, көліктен шыққан. Марат Нұрланға балағат сөздер айтып, машинаның алдыңғы бамперінен бірнеше рет тепкен. (...) Марат екі қолымен Нұрланды киімінен ұстап, өзіне қарай тартқан. Сол кезде Мараттың інісі оларға жақындап, өзінің ағасын жанға қарай итеріп жіберді. Содан кейін ол Нұрланға жақындап, арт жағынан құшақтап, оларды ажырату үшін басқа жаққа сүйрей бастаған", - делінген іс материалында.
"Марат осы сәтті пайдаланып, Нұрланның бетінен бірнеше рет ұрған. Не болып жатқанын көрген Марлен оларға жақындап, ажырата бастайды. Алайда Марат Марленнің бетіне екі рет соққы жасайды. Содан кейін төбелеске Төлеген Құдашбаев араласып, оларды ажыратуға тырысады. Сол тұста Эрсман келіп, ақсақалдың қабырға астынан балғамен ұрады. Марат әкесінің артынан Төлеген атаға жүгіріп келіп, оның ішінен тепкен. Кудашбаев автожолдың шетіне құлады, оның саны сынған. Ағайынды Құдашбаевтар әкесіне көмектесуге тырысқанда, Марат Марленнің басынан таспен ұрған.
Қордайдағы жағдай: қарияның екі баласын ұрып-соққандар ұсталды
Юнху мен Құдашбаевтардың төбелесі
Сотта Марат Юнху кінәсін мойындамады.
"Мен Нұрланы тыныштандыру үшін оны сілкілей бастадым. Сол кезде бізге Марлен келіп, желкемнен ұрды, ал мен Марленнің басынан бірнеше рет ұрдым. (...) Төлеген Құдашбаев келіп, таяғын сілтей бастады. Сол кезде Төлеген атаны шынтағыммен итеріп жібергенмін, ол құлап қалды. Артынша полицей келіп, көлікке отырғызды да, полиция бөліміне жеткізді. Марленнің басын таспен ұрған жоқпын", - деді ол сотта.
Оның әкесі Эрсмане Юнху да кінәсін мойындаған жоқ.
"Төлеген Құдашбаев таяғын сілтеп, балаларымның басынан ұра бастады. Артынша ақсақал жерден тас алып, балаларыма лақтырғысы келді, бірақ өзі құлап қалды. Мен оған көмектескім келгенде, Нұрлан мен Марлен жүгіріп келіп, Төлеген атаға жақындатпады. Қолыма балға болған жоқ, Құдашбаевты балғамен ұрмадым", - деді сот Эрсмане Юнху.
Қордайдағы қақтығыста зардап шеккен ақсақал жағдайын айтты
Сот айыпталушылардың, жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтарын талдай отырып, айыпталушылар Марат пен Эрсмане Юнхулардың айғақтарына сыни көзқараспен қарады және оларды қорғаныстың таңдаулы әдісі ретінде қарастырды. Жәбірленуші Құдашбаевтардың айғақтарына қатысты сот оны "сотқа дейінгі тергеу кезінде расталғанын, олардың дәйекті және тұрақты болғанын" айтты.
Сотта Нұрлан Құдашбаев айыпталушылардан моральдық шығын (1,5 миллион теңге) өндіріп алуды сұрады. Оның ағасы Марлен Құдашбаев та үш миллион теңгені өндіріп алуды өтінді, өйткені ол келтірілген залалдан "бүгінге дейін күтім қажет ететінін" айтты. Олардың әкесі Төлеген Құдашбаев айыпталушылардан төрт миллион теңге өндіріп алуды сұрады, себебі келтірілген залалдан "ол осы уақытқа дейін өздігінен жүре алмай, күтім мен емделуді қажет ететінін" мәлімдеді.
Қордайдағы қақтығыста қарияның ауруханаға қандай жарақатпен түскені белгілі болды
Сот іс материалдарын тексерген соң соң, Марат Юнхуды екі жыл алты айға бас бостандығынан айырды, ол жазасын күшейтілген режимдегі мекемеде өткізді. Эрсмане Юнху екі жыл алты айға бас бостандығынан шектелді. Сотталғандар Төлеген Құдашбаевқа екі миллион теңге, Марлен мен Нұрланға 500 мың теңгеден төлеуі керек.
Еске салайық, оқиға 5 ақпанда Сортөбе ауылында болған. ІІМ мәліметі бойынша, Қордай ауданында болған жаппай төбелеске осы оқиға себеп болған.
Қақтығыста 11 адам қаза тауып, 185 адам зардап шеккен, оның 34-і ауруханаға жеткізілген. Осы оқиға салдарынан 39 тұрғын үй, 20 коммерциялық нысан мен 47 автокөлік өртеніп кеткен.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также