ПОДЕЛИТЬСЯ
07 маусым 2023 | 11:02
Қордайда Қоспаев ҰҚТ мүшелерін шекарадан заңсыз өткізуді ұйымдастырғандықтан сотталды
Қордай ауданының тұрғыны Қоспаев ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін шекарадан заңсыз өткізгені үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қордай ауданының тұрғыны Қоспаев ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін шекарадан заңсыз өткізгені үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Қадағалау органы мәліметінше, адамдарды өткізуді ұйымдастырған - М.А. Машанло. Ол былтыр тамызда Руслан Шалин, Ерлан Имашев және Елдос Қоспаевқа Қырғызстанға өтуге көмектескен. Шекарадан заңсыз өту дерегі Сортөбе ауылы маңындағы бақылау-өткізу бекеті аумағында болған.
"Қоспаев бастаған Шалин, Имашев ҰҚТ мүшелері және бұған дейін Қаржы мониторингі агенттігі Қылмыстық кодекстің 249 ("Рейдерлік") және 262-бабы ("Қылмыстық топты ұйымдастыру және оған қатысу") бойынша қылмыс жасағаны үшін халықаралық іздестіру жарияланғанын атап өткен жөн", - деді ведомство өкілдері.
Өз кезегінде Машанлоны аудан прокуратурасының жанынан құрылған ведомствоаралық тергеу-жедел тобы әшкереледі. 25 сәуірдегі сот үкімімен ол Қылмыстық кодекстің 394-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также