21 ақпан 2022 | 12:38

Қордайдағы қақтығыс: төрт адамды өлтірді деген күдікті ұсталды

2020 жылы Қордай ауданындағы тәртіпсіздіктер кезінде төрт адамның өліміне қатысты күдікті ұсталды. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқармасы бастығының орынбасары Қозыбақов Дәурен мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

2020 жылы Қордай ауданындағы тәртіпсіздіктер кезінде төрт адамның өліміне қатысты күдікті ұсталды. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқармасы бастығының орынбасары Қозыбақов Дәурен мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматы облысында халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды, ол 2020 жылдың 7 ақпанында Қордай ауданының Масанчи ауылында аңшылық мылтықпен төрт адамды өлтірді", - деді Қозыбақов ІІМ брифингінде.

Аңшылық мылтық тәркіленді, өзге ақпарат хабарланбады.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болды. Оқиға салдарынан 10 адам қаза тапты. Медициналық мекемелерге 137 адам көмек сұрап келді.

Жаппай төбелеске 300-ге жуық адам қатысты. Ауқатты және Бұлан Батыр ауылдарында да қақтығыстар болды. Бұзақылар металл заттар, тас, атыс қаруын қолданды.

Қордайдағы қақтығыс кезінде меморгандар қалай әрекет етті? Хронология

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы Қордай ауданындағы оқиғаны арандатушылар өз пайдасына қолданбақ болғанын айтты.

Кейін Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди Масанчи ауылындағы тұрғындар арасындағы жаппай төбелестің нақты себебін айтты.

Бұзақылық әрекеттердің салдарынан екі полицей зардап шеккен. 30-ға жуық үй, 15 сауда орталығы қираған, 23 көлік өртенгені хабарланды.

Шетел басылымдары Қордайдағы қақтығыс туралы қалай ақпарат таратты?

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная