ПОДЕЛИТЬСЯ
14 наурыз 2022 | 13:12
Қорғаныс министрі қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысушылардың дайындығы туралы айтты
Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Мәжілістің жалпы отырысында қаңтардағы оқиғаларға қатысушылардың арнайы дайындығы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Мәжілістің жалпы отырысында қаңтардағы оқиғаларға қатысушылардың арнайы дайындығы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қорғаныс ведомствосының басшысы қаңтардағы тәртіпсіздіктерде құқық қорғау органдарына жақсы дайындалған адамдар қарсы шыққанын атап өтті.
"Бір қарағанда, бұл хаос сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ қаруды қолдануынан ғана емес, арнайы мақсаттағы адамдардың әрекет ету тактикасынан да дайындықтан өткен адамдар екені анық байқалды. Мысалы, аң аулау кезінде қарапайым адам аяқтарын айқастырып, қаруын бүйіріне қойып қозғалады. Әскери қызметкер немесе арнайы дайындықтан өткен адам ешқашан аяғын айқастырмайды, тек бүйір адыммен қозғалады", - деп атап өтті ол.
Жаксылықов арнайы дайындық барысында жасырын түрде атуды үйрететін тұтас жүйе бар екенін айтты.
"Карталарды бақылап, деструктив элементтерді қала жағдайында және қысқа қашықта әрекет етуге дайындағаны айқын көрінеді. Тағы бір мысал - деструктив күштердің әрекеттерінде адамдарды басқару жүйесі айқын көрінуі. Өте қатаң тәртіп. Іс-әрекет сипаты бойынша барлығы үйлестірілген және нақты міндеттерді орындауға бағытталған. Мұның бәрі бұзақыларға құқық қорғау күштерін бөлуге мүмкіндік берді", - деп толықтырды министр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также