11 ақпан 2014 17:38

Қорғаныс вице-министрі парамен ұсталды

Бағдат Майкеев. ©Мegapolis.kz

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Астанада ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Бағдат Майкеевті ұстады деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі құқық қорғау органдарындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап. Ақпарат құралының хабарлауынша, вице-министр ірі көлемдегі парамен ұсталған. Ол ҰҚК-нің тергеу изоляторына қамалды, тергеу жүргізіліп жатыр. 60 жастағы Бағдат Майкеев 1981-2009 ішкі істер саласында, 2009-2010 жылдары ҚР Қарулы Күштерінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бастығы, 2010-2011 жылдары ҚР Қорғаныс министрлігінің Алқа хатшысы, әрі аппарат басшысы қызметтерін атқарды. 2011 жылдан бері - Қорғаныс министрінің орынбасары. II дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталған, генерал-майор шені бар.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram