ПОДЕЛИТЬСЯ
29 тамыз 2019 | 09:04
Қорғаста ірі сомада декларацияланбаған ақшаны алып өтпек болған тәжікстандық ұсталды
Қазақстан мен Қытай шекарасындағы Қорғас бекетінде ірі сомада декларацияланбаған ақшаны алып өтпек болған тәжікстандық ұсталды,- деп хабарлайды КТК телеарнасы.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан мен Қытай шекарасындағы Қорғас бекетінде ірі сомада декларацияланбаған ақшаны алып өтпек болған тәжікстандық ұсталды,- деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Телеарнаның мәліметінше, оның жол сөмкесінің ішінен 1 500 АҚШ доллары, 21 миллион 489 жарым мың теңге мен 3 500 қырғыз сомы шықты. Ақшаның жалпы көлемі 22 миллион 90 мың теңгеден асады, ал АҚШ валютасына шаққанда 57 мың долларға тең екен.
Шекарадан өтерде тәжікстандық осынша сомада қаржы барын не қағаз жүзінде, не ауызша ескертпеген. Қазір ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 25250 теңге айыппұл төлейді дейді.
Показать комментарии
Читайте также