03 сәуір 2022 | 09:18

Қосшыда мас ер адам саунада 31 жастағы әйелді соққыға жықты

Фото: Instagram / Ақмола облысы ІІД

Косшыда саунаға демалуға барған ер адам мекеме директорын соққыға жықты. Бұл туралы Ақмола облысы ПД мәлімдеді және әлеуметтік желілерде тараған кадрларға түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Косшыда саунаға демалуға барған ер адам мекеме директорын соққыға жықты. Бұл туралы Ақмола облысы ПД мәлімдеді және әлеуметтік желілерде тараған кадрларға түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақпарат бойынша, 2 сәуірде шамамен сағат 07.30-да мекеменің басқарушы директоры, Косшының 31 жастағы тұрғыны, клиенттер шотты неге төлемегенін анықтау үшін екі ер адамға барады, содан олардың біреуі әйелді ұрып жібереді, ол құлайды. Кейін төбелесе кетеді. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер Қосшының 44 жастағы тұрғыны мен 36 және 37 жастағы елордалықты анықтады.

Реклама
Реклама

"Қанында алкоголь бар-жоғын куәландыру кезінде 44 жастағы және 36 жастағы ер адам жеңіл және орташа дәрежеде мас екені анықталды. Олар Нұр-Сұлтан қаласының медициналық айықтырғышына қамалды. Саунадағы әйелді жаралаған күдікті 37 жастағы ер адам Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес ұсталып, Целиноград аудандық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", - деп хабарлады полиция өкілдеі.

ҚР ҚК 293-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная