07 тамыз 2020 | 16:39

Қостанай әкімі отставкаға кетуі мүмкін

Қайрат Ахметов. Фото: ng.kz

Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметовтің орынбасарына қатысты тергеу жүріп жатыр. Осыған байланысты ол отставкаға кетуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметовтің орынбасарына қатысты тергеу жүріп жатыр. Осыған байланысты ол отставкаға кетуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қостанай облысы бойынша әкімдіктің бірқатар лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Реклама
Реклама

"Олар дүкен құрылысына арналған жер учаскесінің нысаналы мақсатын заңсыз өзгертумен және сәулет-жоспарлау тапсырмасын берумен айқындалған лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді", - делінген ведомствоның хабарламасында.

23 шілдеде Қостанай қаласы әкімінің өкімімен теріс себептер бойынша тергеудегі Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Андрей Финк атқарып отырған мемлекеттік лауазымынан босатылды.

"Оның кінәсі сотта дәлелденсе, күнтізбелік 10 күн ішінде қала әкімі отставкаға кетуі тиіс", - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная