04 мамыр 2019 16:10

Қостанай облысында 4 миллион теңгенің астығын ұрламақ болғандар ұсталды

© alau.kz

Қостанай облысында құны 4 миллион теңге болатын астықты ұрламақ болғандар ұсталды, - деп хабарлайды Alau.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында құны 4 миллион теңге болатын астықты ұрламақ болғандар ұсталды, - деп хабарлайды Alau.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полициядағылардың мәліметінше, бұл оқиға 23 сәуірде болған.

Реклама
Реклама

"Шамамен таңғы сағат 6-да Федоров аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Иван Гальмуев пен Ермек Өтемісов екі "КамАЗ"-ды тоқтатқан. Олар жүк көлігінің тіркемесінде астық толып тұрғанын байқаған. Полицейлер мұнда шикіліктің бар екенін түсініп, жүргізушілердің құжаттарын тексермекші болған. Алайда олардың жеке құжаттары болмағаны анықталды, сондай-ақ, көліктің құжаттары да болмаған", - деп хабарлады полицейлер.

Ведомство мәліметінше, олар 60 тонна 860 келі астық ұрламақшы болған. Бұл дерек тіркеліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram