14 қараша 2022 | 15:29

Қостанай облысында алаяқ тұрғындардың 10 миллион теңгесін алып қойған

Дина Шарипханова Корреспондент
Иллюстрация:elements.envato.com

Қостанай облысында алаяқ тұрғындарды 10 миллион теңгеге алдап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қостанай облысында алаяқ тұрғындарды 10 миллион теңгеге алдап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қостанайлық өзін Ресейдің тұрғынымын деп таныстырып, адамдардан банк картасының шот нөмірін беруін өтінген. Ол өзіне туыстары ақша салатынын айтқан. Сөйтіп, облыстың 15 тұрғынын алдап, оларға онлайн несие рәсімдеген.

29 жастағы облыс тұрғыны 10 миллион теңгеге жуық шығын келтірген. 15 дерек бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Реклама
Реклама

"Ер адам тұрғындардың сеніміне кіріп, өзін шетел азаматы ретінде таныстырған. Ол қиын жағдайда, ақшасыз қалғанын айтқан. Алаяқ тұрғындардан туыстары оған ақша жіберу үшін банк шоттары туралы мәліметтерді сұраған", - дейді Қостанай қалалық полиция басқармасының тергеушісі Саят Асанов.

Күдікті жәбірленушілердің телефондары арқылы онлайн несиеге өтініш беріп қана қоймай, тауар сатып алған.

Қазір бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная