ПОДЕЛИТЬСЯ
19 маусым 2019 | 13:50
Қостанай облысында әйелге қарақшылық шабуыл жасалды
Қостанай облысы Әулиекөл полиция бөлімінің мамандары ұрыны ізін суытпай ұстады. Жедел іздеу шаралары барысында үш сағатта полицейлер ұрының кім екенін анықтап, ұстады, - деп хабарлайды "Алау".
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қостанай облысы Әулиекөл полиция бөлімінің мамандары ұрыны ізін суытпай ұстады. Жедел іздеу шаралары барысында үш сағатта полицейлер ұрының кім екенін анықтап, ұстады, - деп хабарлайды "Алау".
11 маусымда полиция бөліміне Әулиекөл ауылының тұрғыны арыз берген. Оның айтуынша ер адам қарақшылық шабуыл жасап, ұялы телефонын тартып алмақшы болған.
"49 жастағы әйел күндіз жұмыстан үйіне қайтқан. Жәбірленушінің айтуынша, Мир және Родникова көшелерінің қиылысында үйіне төтелей баратын қуыс бар екен. Ол осы жолмен күнде үйіне баратын болған. Дәл сол күні осы жолмен кетіп бара жатқан уақытында белгісіз ер адам кенеттен тап беріп, түншықтыра бастаған. Әйел айғайлап, көмек шақырған. Ер адам белгісіз бағытта қашып кеткен", - деді Қостанай облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері.
Әйел полицейлерге ер адамның түр сипатын баяндап берген. "Бағыттаманы алған полицей Қайрат Асқаров сол аймақтарда іздеу шаралары барысында бағыттамада көрсетілген ер адамға ұқсас күдіктіні таныған. Күдікті ұсталды. Ол Әулиекөл ауылының 20 жастағы тұрғыны екені анықталды. Ол барлығын мойындады", - деді полиция өкілдері.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр.
Показать комментарии
Читайте также