ПОДЕЛИТЬСЯ
15 қараша 2019 | 15:53
Қостанай облысында банк қызметкері 87 миллион теңгемен шетелге қашып кеткен
Қостанай облысында банк қызметкері 87 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Аlau.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қостанай облысында банк қызметкері 87 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Аlau.kz.
Қостанай облыстық полициясы Жітіқара филиалынан ірі көлемде ақша жымқыру дерегіне сәйкес ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі "Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
"Сеніп тапсырылған 87 миллион теңгеден аса қаражатты ұрлап, ізін суытқан банк қызметкері күдікке ілініп отыр. Тергеу барысында ол 12 қарашада РФ шекарасынан өткені анықталды. Қазіргі уақытта қамауға алу бойынша санкция қабылданды, оны ұстау үшін шаралар қолданылып жатыр", - делінген портал хабарламасында.
Показать комментарии
Читайте также