Қостанай облысында белгісіз біреулер отбасының 10 миллион теңгесін ұрлап кеткен

Фото: kstnews.kz сайтынан

Қостанай облысы Рудный қаласында белгісіз біреулер қонаққа кеткен отбасының үйінен 10 миллион теңге ұрлаған, - деп хабарлайды Kstnews.kz сайты.

Қостанай облысы Рудный қаласында белгісіз біреулер қонаққа кеткен отбасының үйінен 10 миллион теңге ұрлаған, - деп хабарлайды Kstnews.kz сайты.

8 наурызда кезекші бөлімге Рудный қаласында 10 миллион теңге көлемінде қаражат ұрланғаны туралы хабар түскен. 7 наурызда отбасы Қарабалық ауданына қонақтап кеткен. Үйіне оралған соң отбасы заттардың бөлмеде шашылып жатқанын көрген. 

Шкаф пен сейфтен 4,5 мың АҚШ доллары, 6 миллион теңге, 500 мың рубль көлемінде ақша ұрланған. 

Реклама
Реклама

Жедел іздестіру шараларын өткзіген полицейлер Рудный қаласында тұратын үш ер адамды ұстаған. Ал қаражат гараждардың бірінен табылған. 

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің "Аса iрi мөлшерде жасалған ұрлық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама