Қостанай облысында бұрынғы мемлекеттік қызметкерге табысын жасырғаны үшін айыппұл салынды

Қостанай облысында бұрынғы мемлекеттік қызметкерге табысын жасырғаны үшін айыппұл салынды tengrinews иллюстрациясы ©

Қостанай облысында бұрынғы мемлекеттік қызметкерге табысы туралы декларацияны көрсетпегені үшін 100 мың теңге көлемінде айыппұл салынды деп хабарлайды Alau.kz.

Қарасу ауданының №2 соты бұрынғы мемлекеттік қызметкерге қатысты қозғалған әкімшілік істі қарастырды. Облыстық соттың баспасөз қызметі мәлімдегендей, мемлекеттік қызметтен теріс қылығы үшін қуылған азамат 2013 жыл бойынша табысы мен мүлкі жайлы декларацияны қасақана толтырып, ұсынбаған.

"Декларацияны 2014 жылдың 31 наурызына дейін ұсыну керек болған. Бірақ ол бұл құжатты тек 2014 жылдың 5 тамызында әкелген. Сотта құқықбұзушы өз кінәсін мойындамады, өйткені ол оны өткізудің аса қажеттігін білмепті" делінеді облыстық соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Реклама
Реклама

Соттың шешімі бойынша, ол 50 АЕК , яғни 92 мың 600 теңге көлемінде айыппұл төлеуі тиіс.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама