Меңдіқара аудандық соты азамат И.-ге қатысты қылмыстық істі қарады. Оған абайсызда өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру дерегі бойынша айып тағылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Не болды?
Қайғылы оқиға биыл 3 қаңтарда кешкі уақытта болған. Мас күйдегі ер адам қызғаныш салдарынан бірге тұрып жатқан әйелді қасақана соққыға жыққан. Алған ауыр жарақаттарынан әйел көз жұмды.
Тараптар ұстанымы
Сотталушы өз кінәсін мойындап, өкінетінін білдірді. Прокурор оны 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Жәбірленуші тараптың өкілі заңға сәйкес жаза тағайындауды сұрады.
Сотталушыға тағылған баптың санкциясы мүлкін тәркілей отырып немесе онсыз, 8 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі баламасыз жазаны қарастырады.
Сот шешімі
Сот жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәні мойындауды, жасаған ісіне өкінуді және жас балаларының болуын ескерді. Ал қылмысты алкогольдік мас күйде жасау жауаптылықты ауырлататын мән-жай деп танылды.
Нәтижесінде сот қазақстандықты 8 жылға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.