18 наурыз 2014 15:33

Қостанай облысында жаңа туған сәби тірідей жерлене жаздады

©РИА Новости

Қостанай облысының тұрғындары Меңдіқара орталық аудандық ауруханасы дәрігерлерінің кінәсінен тірі сәбиін жерлей жаздады деп хабарлайды "Наша газета". Бұл туралы Қостанай облысының прокуроры Марат Қайбжанов мәлімдеді. Оның айтуынша, 6 наурыз күні аурухана қызметкерлері бір әйелді мерзімінен бұрын босандырған. Өмірге келген қыз баланы мамандар шетінеп кетті деп есептеген. Олар сәбиді картон қорапқа орап, ата-анасына береді. Ерлі-зайыптының нәрестені жерлей салуы мүмкін еді, бірақ отағасы бір сағаттан соң оның тірі екенін байқаған. Сөйтіп, ауруханаға әкеледі. "Сәби онда үш күннен соң қайтыс болған. Бұл дерек бойынша аудан прокуратурасы қылмыстық іс қозғады. Тергеу жүріп жатыр. Қосымша түсінік беру артық деп есептеймін", - дейді Қайбжанов. Прокуратураның мәліметінше, 2013 жылы Қостанай облысында медицина жұмысшыларының салғырттығына қатысты 12 қылмыстық іс қозғалған. Олардың үшеуі ғана аяқталды, қалғаны тоқтатылған. Қайбжановтың айтуынша, қазір полиция тоқтатылған істердің бәрін қайтарып алды, бір ай ішінде оларға қатысты шешім шығарылады. Облыс прокуроры Меңдіқара аудандық ауруханасындағы деректі мұқият тексеруді тапсырды.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram