30 наурыз 2022 | 16:09

Қостанай облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Видеодан алынған кадр

Қостанайлық полицейлер Тобыл қаласында болған жантүршігерлік жол апатының жай-жапсарын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қостанайлық полицейлер Тобыл қаласында болған жантүршігерлік жол апатының жай-жапсарын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде тараған жантүршігерлік кадрлар кеше кешкісін Қостанай облысындағы Тобыл қаласында болған. Мәлімет бойынша көшеде үш көлік соқтығысып, жаяу кетіп бара жатқан адамды соққан.

Реклама
Реклама

"Hyundai Accent көлігін тізгіндеген 20 жастағы азамат 56 жастағы жүргізуші мінген Renault Logan автокөлігімен соғылған. Ал екі көліктің біріне соғылған Skoda Yeti қатты екпінмен тротуардағы жаяу адамды қаққан. Қатты соққыдан 25 жастағы жігіт қаза тапты", - деді ПД баспасөз қызметіндегілер.

Жүргізушілер мен жолаушылар түрлі жарақатпен облыстық ауруханаға жеткізілген. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная