25 қаңтар 2023 11:18

Қостанай облысында крипто айырбастау пункттеріне қатысты қылмыстық схема анықталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қостанай облысында крипто айырбастау пункттері арқылы активтерге қатысты қылмыстық схема анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында крипто айырбастау пункттері арқылы активтерге қатысты қылмыстық схема анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті "KZobmen.com", "1WM.KZ", "Kazobmen.ru", "WM007.KZ", "KZ-EXCHANGE.COM" крипто айырбастау пункттері арқылы АХҚО алаңынан тыс, цифрлық активтермен тыйым салынған, аса ірі мөлшерде табыс табумен ұштасқан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған азаматтардың қылмыстық әрекетінің жолын кесті.

"Жүргізілген ЖІШ нәтижесінде 6 мекенжай бойынша санкцияланған тінту жүргізілді, оның барысында жоғарыда көрсетілген крипто айырбастау пункттерінің ұйымдастырушыларын әшкерелейтін заттар: Ноутбуктер, моноблоктар, ұялы телефондар, банктік және бухгалтерлік құжаттар, қылмыстық қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын криптоәмиян кілттері (флэш-карталар) алынды. Binance платформасында 2 крипто әмиянда 6 000 АҚШ доллары көлеміндегі криптоактивтер анықталып, оларға уақытша шектеулер орнатылды. Басқа криптобиржаларда орналасқан тағы 200 000 доллардан астам криптоактивтер табылды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Соталды тергеп-тексеру жалғасуда, өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады