14 қыркүйек 2021 | 12:54

Қостанай облысында мектеп директорының өліміне қатысты іс тоқтатылды

Дина Шарипханова Корреспондент

Қостанай облысы Новое ауылындағы мектеп директорын аяусыз өлтіруге қатысты іс күдіктінің қайтыс болуына байланысты тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысы Новое ауылындағы мектеп директорын аяусыз өлтіруге қатысты іс күдіктінің қайтыс болуына байланысты тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Рүстем Ахмедов биыл мамырда 31 жастағы ауылдасын - мектеп директорын аяусыз өлтірді деп айыпталған. Ол өз үйінде әйелге 23 рет пышақ сұққан. Біраз уақыттан кейін күдіктіні полиция қызметкерлері ұстау кезінде, оған оқ атылып, күдікті қаза болған. Қостанай облысының прокуратурасы қылмыстық іс күдіктінің өліміне байланысты тоқтатылғанын мәлім етті. Бірақ Ахмедовтың кінәсі куәгерлердің айғақтарымен және сот-медициналық сараптама нәтижелерімен толық дәлелденген. Бірақ тергеу 32 жастағы жігіт екі баланың анасы, жас әйелді соншалықты аяусыз өлтіруге не түрткі болғанын анықтай алмаған. Олар оны атып өлтірген полицейлерге қатысты істі де тоқтатты.

"Ахмедов Рүстемнің қаза болуына байланысты қылмыс жасау себебін анықтау мүмкін болмады. Полиция қызметкерлеріне, оның ішінде учаскелік инспекторға қатысты арнайы құралдарды-табельдік қаруды қолдану фактісі бойынша Ахмедов Рүстемді ұстау кезінде 2021 жылғы 25 мамырда қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты ҚР ҚК-ның 362-бабы, 4-бөлігі 2-тармағы бойынша соталды тергеп-тексеруді тоқтату туралы процестік шешім қабылданды. Полиция қызметкерлерінің табельдік қаруды қолдану бойынша әрекеттері заңды және негізді деп танылды", - деді Қостанай облысының прокуратурасы өкілі.

Реклама
Реклама

Бұрын бейресми дереккөз мәліметінше, күдіктінің үйінен экстремистік әдебиет табылғаны белгілі болды. Прокуратура бұл ақпаратты жоққа шығарды. Бірақ олар 2018 жылы ер адам Сарыкөл аудандық сотының үкімімен сотталғанын және зорлау әрекеті үшін шартты түрде 3 жылға бас бостандығынан айырылғанын растады.

Айта кетейік, биыл мамырда көршісін өлтірген күдікті Қостанай облысында ұстау кезінде оқ атылып, қаза болғаны хабарланған болатын. Ер адам мектеп директоры және мұғалім болып жұмыс істеген 31 жастағы ауылдасына бірнеше пышақ жарақатын салған. Марқұмның денесін анасы тапқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram