ПОДЕЛИТЬСЯ
29 желтоқсан 2021 | 17:29
Қостанай облысында мемлекеттік бағдарлама бойынша субсидия жымқырылған
Қостанай облысында агроөнеркәсіп кешенінде 161 миллион теңгеден аса сомада субсидия жымқырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, субсидияны жымқыру дерегі мемлекеттік бағдарлама аясында жүзеге асырылған. Ол агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне жайылымдарды суландыруға жұмсалған инвестиция шығындарының бір бөлігін өтеуді қарастырады.
"2018 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі кезеңде облыстың шаруа қожалықтарының басшыларын алдау арқылы ЖШС басшысы және өзге де тұлғалар мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 161 миллион теңгеден аса бюджет қаражатын жымқырып, мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келтіргені анықталды", - делінген хабарламада.
ЖШС басшысы күн панельдерінің бір жиынтығының бағасын 94,4 пайызға, яғни екі есеге көтерген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также