Қостанай облысында орман шаруашылығы басшысы қамауға алынды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қостанай облысының прокуратурасы "Басаман орман шаруашылығы мекемесі" КММ-нің басшылығына қатысты соталды тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қостанай облысының прокуратурасы "Басаман орман шаруашылығы мекемесі" КММ-нің басшылығына қатысты соталды тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, Қостанай облысының прокуратурасы 13 қыркүйекте "Басаман орман шаруашылығы мекемесі" КММ-нің басшылығына қатысты ауыр зардаптарға әкеп соққан  лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактілері бойынша соталды тергеп-тексеру басталған (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы).

Сол күні мекеме басшысы Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабы тәртібінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Реклама
Реклама

15 қыркүйекте сот мекеме басшысына қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкциясын бекітті.

Тергеу әлі де жүріп жатыр, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама