ПОДЕЛИТЬСЯ
07 қыркүйек 2020 | 10:18
Қостанай облысында шенеуніктер пара алды деген күдікке ілінді
Қостанай ауданы әкімдігінің лауазымды қызметкерлері қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алау" порталына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қостанай ауданы әкімдігінің лауазымды қызметкерлері қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алау" порталына сілтеме жасап.
Ақпарат порталының мәліметінше, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті Қостанай ауданы әкімдігінің лауазымды қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастаған.
"Лауазымды қызметкерлер қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланды деген күдікке ілінді. Олар шағын және орта бизнес субъектісі болып саналатын серіктестік басшысынан Заречный ауылында газ құбырын орнату бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу үшін 10,8 миллион теңге көлемінде ақшалай қаражат беруге заңсыз мәжбүрледі деген күдік бар" - делінген хабарламада.
Бұл іске қатысты тергеу жүріп жатыр.
"Сот лауазымды қызметкерлердің кінәсін айқындай отырып, соңғы шешімді шығарады", - делінген хабарламада.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также