25 шілде 2022 14:55

Қостанай облысында зиратты тонамақ болғандар ұсталды

Сұлу Бөлек Корреспондент
Фото: kstnews.kz

Қостанай облысында зиратты тонағандар ұсталды - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Костанайские новости" сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында зиратты тонағандар ұсталды - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Костанайские новости" сайтына сілтеме жасап.

Қаскүнемдер Октябрьское аулындағы зиратты тонап жатқан кезде ұсталған.

"Ауыл тұрғындары металл жинаушыларды ұстады. Ұрылар бейіттегі қоршауларды жұлып жатқан. Тұрғындар учаскелік полиция мен жедел топты шақырды", - делінген басылымда.

Реклама
Реклама

Сурет: kstnews.kz

Куәгерлер полицияға кінәлілерді жауапқа тарту туралы өтінішпен жүгінді.

"Қостанай ауданы полиция бөлімінің полицейлері зираттан металл қоршауларды ұрлаған екі күдіктіні ізін суытпай ұстады. 23 шілдеде Октябрьское ауылында екі ер адам қабірден 17 қоршауды ұрлап, "Газель" автокөлігімен оларды алып кетуге тырысты", - деп түсіндірді облыстық Полиция департаментіндегілер.

Тәртіп сақшылары Қылмыстық кодекстің 188-бабы "Ұрлық" бойынша тергеу бастады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram