09 қараша 2022 | 14:41

Қостанай полицейлері 20 келіден астам марихуана тәркіледі

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қостанай полициясы екі есірткі зертханасын анықтап, есірткінің ірі партиясын тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қостанай полициясы екі есірткі зертханасын анықтап, есірткінің ірі партиясын тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткінің ірі партиясы, 20 келіден аса марихуана тәркіленген.

"8 қарашада жедел-іздестіру іс-шаралары барысында "Бүркіт" арнайы жасақтарының қатысуымен бір мезгілде есірткі саудасымен айналысты деген күдікпен Қостанай қаласының бес тұрғыны ұсталды. Ұсталғандардың бірінің үйінен 45 оралған полиэтилен байламы, сондай-ақ ерекше иісі бар жасыл түсті заты бар көлемді қап тәркіленді. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы шамамен 20 келі болды. Әрі қарай тексеру кезінде арнайы жабдықталған екі жылыжай бөлмесі табылды. Онда қарасора өсімдіктері топырақ қосылған құмыраларда жарықтандыру шамдарының астында өсірілді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Кейін ұсталғандардың бірінің балконында қарасора өсіруге арналған плантация анықталды. Балконның қабырғалары шағылыстыратын матамен қапталған, бөлме жылытқыштармен, жарықтандыру құрылғыларымен және желдеткішпен жабдықталған, 9 құмырада марихуана өсірілді.

"Осы дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы (Есірткі құралдарын өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілерге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы таңдалды", - деп жалғастырды Қостанай облысы ПД бастығы.

Биыл 200 келіден астам түрлі есірткі, оның ішінде 555 грамнан астам героин, 18 келі 450 грамм гашиш, 1 келіден астам синтетикалық препараттар заңсыз айналымнан алынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная