ПОДЕЛИТЬСЯ
25 мамыр 2022 | 12:40
Қостанайда астыртын казино анықталды
Қаржылық мониторинг агенттігінің облыс бойынша аумақтық департаменті Қостанай қаласындағы дәмханалардың бірінен астыртын казиноны анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қаржылық мониторинг агенттігінің облыс бойынша аумақтық департаменті Қостанай қаласындағы дәмханалардың бірінен астыртын казиноны анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қаржылық мониторинг агенттігінің облыс бойынша аумақтық департаменті заңсыз ойын мекемесін тексеру кезінде покер ойынына арналған кәсіби үстел, фишкалар, карталар және қолма-қол ақша сынды заттай айғақтарды сот үкімі негізінде жойды.
Жасырын казиноны ұйымдастырушылар ҚР Қылмыстық Кодексінің 307-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оларға 2 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
"Азаматтар арасында құмар ойынға тәуелділіктің пайда болу себептерімен күресу мақсатында ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі ойын бизнесінің заңсыз түрлерін анықтау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также