02 наурыз 2017 | 18:39

Қостанайда бұрынғы бас дәрігерді өлтірді деген күдікпен аурухана қызметкері ұсталды - БАҚ

Қостанай облысында психиатриялық аурухананың бұрынғы бас дәрігерін өлтірді деген күдікпен бөлім меңгерушісі Зәуреш Изалдина ұсталды. Бұл туралы өңірлік "Наша газета" басылымы хабарлайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қостанай облысында психиатриялық аурухананың бұрынғы бас дәрігерін өлтірді деген күдікпен бөлім меңгерушісі Зәуреш Изалдина ұсталды. Бұл туралы өңірлік "Наша газета" басылымы хабарлайды.

Ресми емес мәліметтерге сүйенсек, Зәуреш Изалдина 2 наурызда жұмыс орнында ұсталған. Куәгерлердің айтуынша, полиция қызметкерлері бөлім меңгерушісін кісенмен алып кеткен. Басылымның мәліметінше, осыған қатысты әлі ресми мәлімет жоқ. Аурухананың қабылдау бөліміндегілер қазіргі уақытта бас дәрігер болып жұмыс істеп жүрген Бақытжан Қойшинның жұмыс орнында жоқ екенін айтты. Оны Облыстық денсаулық сақтау басқармасына шақырыпты. Сондай-ақ, оның орынбасары да жұмыс орнында емес екен. 

Реклама
Реклама


Зәуреш Изалдина.

Сондай-ақ, аурухананың кейбір қызметкерлері полицейлердің бөлім меңгерушісін ұстайды деп тіпті ойламағандарын айтады. Зәуреш Изалдина - жоғары санаттағы психиатр-нарколог. Жасы 40-тан асқан екен. Екі баласы бар - үлкен ұлы мен мектеп жасындағы қызы.


Рашида Сандыбаева

Еске салайық, Қостанайдағы облыстық психиатриялық аурухананың бұрынғы бас дәрігері Рашида Сандыбаева 20 ақпанда өз пәтерінен өлі табылған болатын. Оған 30 жерден пышақ салғаны хабарланған болатын. Кейін оқиғаның мән-жайы анықталған еді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная