10 наурыз 2022 | 09:36

Қостанайда кооператив атын жамылған қаржы пирамидасы әшкере болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Иллюстрация

Қостанайда өндірістік кооператив атын жамылған қаржы пирамидасы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қостанайда өндірістік кооператив атын жамылған қаржы пирамидасы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

ҚМА мәліметінше, қаржы пирамидасы GAP кооперативі ретінде жеке тұлғалардан 30 мың теңгеден 480 мың теңгеге дейінгі сомада ақша жинау ұйымдастырған. Сол арқылы кіріс алған.

Реклама
Реклама

Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар активтерді қайта бөлу арқылы кейбір қатысушыларды басқаларының есебінен байытқан. Ұйым кеңселерінен кооператив қызметі туралы жарнамалық брошюралар, салымшылардың тізімі, кооператив пен салымшылар арасында жасалған электрон форматтағы шарттар табылған.

Тергеу жалғасып жатыр, тергеу мүддесіне сәйкес басқа мәлімет жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная