19 сәуір 2022 | 17:19

Қостанайда көшеден нәресте өлі табылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Иллюстрацияо:elements.envato.com

Қостанайда 37 жастағы ер адам жаңа туған нәрестені өлі күйінде тауып алған. Бұл туралы Қостанай облысының полиция департаментінен хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қостанайда 37 жастағы ер адам жаңа туған нәрестені өлі күйінде тауып алған. Бұл туралы Қостанай облысының полиция департаментінен хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, сәуірдің 18-і күні кешкі сағат 17:00 шамасында Гоголь мен Шаяхметов көшелерінің қиылысында, "Бүркіт" базарының аумағынан нәресте салынған пакет табылған.

"37 жастағы ер адам жаңа туған нәресте салынған пакет тауып алған. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы жаңа туған нәрестенің өлі екенін анықтаған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 100-бабында "Жаңа туған нәрестені анасының өлтіруі" бойынша сотқа дейінгі іс қозғалғаны нақтыланды. Тергеу амалдары жүргізіліп, сараптамалар тағайындалып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная