ПОДЕЛИТЬСЯ
11 наурыз 2021 | 09:20
Қостанайда полицейдің қолынан қаза тапқан ер адамға қатысты дерек шықты
Қостанайда полицейдің қолынан қаза тапқан ер адам бұрын қандай тәртіп бұзғаны үшін назарға түскені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қостанайда полицейдің қолынан қаза тапқан ер адам бұрын қандай тәртіп бұзғаны үшін назарға түскені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Полицей Ермек Омаров есімді сыныптасын атып өлтіргені белгілі болды. Ер адам жеке кабинетте стоматолог болып жұмыс істеген. Полиция департаменті журналистердің ресми сұрауына ер адам бұрын қылмыстық жауапқа тартылып, пробациялық бақылауда болғанын хабарлады. 2020 жылдың қазанында Бостандық аудандық соты оны ұрлық үшін бір жылға бас бостандығын шектеген. Сонымен қатар, ақпанда оның бұрынғы азаматтық некедегі әйелі полицияға арызданған.
"2021 жылы 8 ақпанда 102 пультіне Диана Адрахмановадан бұрынғы азаматтық некедегі күйеуі пәтерге басып кіріп, әйнек сындырғаны туралы хабарлама келіп түсті. Содан кейін одан "Мені бұрынғы жұбайым Е.Омаровтың құқыққа қарсы әрекеттерінен қорғауды және менің қауіпсіздігімді қамтамасыз ету мақсатында қорғау нұсқамасын шығаруды сұраймын, өйткені ол маған жүйелі түрде келеді, жанжал ұйымдастырады, өзін агрессив ұстайды және маған моральдық және психологиялық қысым жасайды" деген арыз келіп түсті, - деп хабарлады Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.
Кейін бір ай мерзімге әйелді қорғау шарасы қабылданған. Ермек Омаровқа бұрынғы жарына жақындауға және телефонмен қоңырау шалуға тыйым салынды.
Ал оның алдында, 2020 жылдың тамызында оның үстінен бұрынғы енесі арызданған, ер адам оған 150 000 теңге қарызын қайтармай қойған. Сонымен қатар, қазіргі уақытта Солтүстік полиция бөлімінде қылмыстық іс тергеліп жатыр. Ермек Омаровтың пациенті сапасыз медициналық қызмет көрсету және денсаулыққа зиян келтіру дерегі бойынша өтініш жасады.
Ермек Омаровтың әлеуметтік желілердегі парақшасына қарасақ, ол өз қызметінен бөлек қайырымдылықпен айналысқанын көруге болады.
Еске салайық, бұған дейін Қостанайда полицей сыныптасын атып өлтірген болатын. Ер адамдар арасындағы жанжал 10-нан аса адам отырған чатта басталған. Бағдарламашы полицей ведомство мәліметінше, марқұмнан қоқан-лоқы көрсеткен аудиохабар алған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также