11 маусым 2024 10:09

Қостанайда радикалды ұстау сәті видеоға түсірілді

Фото: polisia.kz

Қостанайда полицейлер радикал діни идеологияны насихаттаған ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда полицейлер радикал діни идеологияны насихаттаған ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қостанай облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында 30 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Радикал діни идеологияны ұстана отырып, ол өз ортасы мен әлеуметтік желілерде өзге дінді ұстанатын азаматтардың төмендігін насихаттайтын және діни себептермен зорлық-зомбылыққа шақыратын материалдарды таратқан.

"Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, терроризмді насихаттағаны үшін оған қатысты 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделіп отыр, ал діни алауыздық тудырғаны үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", – деді басқарма бастығының міндетін атқарушы Сәбит Ибраемов.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, ол осы факт бойынша соталды тергеу басталғанын атап өтті. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілі жатыр. Күдікті ұсталып, тергеу изоляторына қамауға алынған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram