08 маусым 2020 11:56

Қостанайда сотталушы колониядан қашып кетті

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қостанайда сотталушы колониядан қашып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алауға" сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда сотталушы колониядан қашып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алауға" сілтеме жасап.

Қостанай облысы ҚАЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1994 жылы 4 маусымда туған сотталушы Нұрсұлтан Сариманов жазасын өтеуден жалтарған.

Реклама
Реклама

Нұрсұлтан Сариманов біреудің мүлкін ұрлағаны үшін істі болған. Ол жазасын қауіпсіздігі төмен деңгейдегі мекемеде өтеп жатқан.

Бұл дерек Қостанай полициясында тіркелген. Тергеу бөлімі ҚР ҚК 427-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаған. Оның қайда екенін анықтау үшін ішкі істер органдарының қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram