18 наурыз 2022 10:21

Қостанайда танысын атқан экс-полицейге қатысты сот үкімі шықты

Дина Шарипханова Корреспондент
Иллюстрация

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты танысы Ермек Омаровты өлтірді деп айыпталған бұрынғы майор Руслан Клышевқа қатысты үкімді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты танысы Ермек Омаровты өлтірді деп айыпталған бұрынғы майор Руслан Клышевқа қатысты үкімді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұрынғы полицей бұған дейін Ішкі істер департаментінде Ақпараттандыру және коммуникациялар басқармасының компьютерлендіру бөлімінің бастығы болып жұмыс істегені белгілі болды.

Айта кетейік, бұған дейін прокурор экс-полиция қызметкерін арнайы шенінен айыра отырып, 11 жылға бас бостандығынан айыруды ұсынған. Сондай-ақ, жәбірленуші тарап моральдық шығын ретінде 100 миллион теңге сұраған.

Реклама
Реклама

Алайда қорғаушы тарап сот процесінде істі қасақана кісі өлтіруден абайсызда кісі өлтіру дәрежесіне ауыстыруды талап етті, өйткені чатта айыпталушыны "таяқ, қарумен келеміз" деп қорқытулар болған.

"Клышев Руслан кінәлі деп танылып, оны полиция майоры арнайы атағынан айырып, 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеу туралы үкім шықты", - деді судья.

Сонымен қатар, сот жәбірленуші тараптың талап арызын ішінара қанағаттандырды, жауапкер моральдық шығын үшін 5 миллион теңге өтемақы төлеуі тиіс.

Еске салайық, қайғылы оқиға 2021 жылдың 8 наурызына қараған түні Қостанайдың орталығы маңында болған. WhatsApp мессенджері чатында туындаған жанжал адам өлімімен аяқталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram