Қостанайда төбелес атыспен аяқталды: екі адам жарақат алды

Сұлу Бөлек Корреспондент

Қостанай облысында полиция төбелес кезінде атыс қаруын қолданған күдіктіні ұстады. Қазір бұл дерек бойынша "Адам өлтіруге оқталу" бабымен көзделген соталды тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілетеме жасап.

Полицияның мәліметінше, 27 тамызда сағат 17:50 шамасында "Юбилейный" бау-бақша маңында атыс қаруының қолданылуымен төбелес болған. Полицияның кешенді күштері оқиға орнына жеткен.

Polisia.kz

Реклама
Реклама

Полицейлер оқиға орнынан оқ жарақатын алған екі ер адамды - 31 жастағы және 25 жастағы Сарыкөл ауданының тұрғындарын тапты. Жәбірленушілер дереу ауруханаға жеткізілді. Оларға медициналық көмек көрсетілді. Қазір олардың денсаулығы тұрақты.

Күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Бұған дейін де сотты болған облыс орталығының 38 жастағы тұрғыны бір сағаттан кейін қаланың солтүстік бөлігінде ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Атыс қаруы тәркіленіп, сараптамаға жіберілді. Сондай-ақ, атыс қаруын сақтау және жасау дерегі бойынша процестік шешім қабылданып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама