ПОДЕЛИТЬСЯ
26 сәуір 2022 | 09:05
Қостанайда тұрғын жалғызбасты әйелдердің 4 миллион теңгесін алып қойған
Қостанайлық ер адам жалғызбасты әйелдерді төрт миллион теңгеге алдап кеткен. Жігіт өзінің құрбандарын танысу сайттарынан іздеген. Алаяқтың құрығына төрт әйел түскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, күдікті ажырасқан әйелдермен сайттарда танысқан. Ол алдымен сезімін білдіріп кейін өзінің жылжымайтын мүлікпен айналысатынын, арзан бағада пәтер алуға көмектесетінін айтып алдаған. Әйелдер арзан пәтер алуға тез келіскен. Ер адам кездесу ұйымдастырып, сатып алушыға құжаттарды беріп, аванстық төлем жасау қажеттігін айтқан. Ақшаны алғаннан кейін жігіт жоғалып кеткен.
Алданған әйелдер полицияға арыз жазып, кейін алаяқ ұсталды.
"Әйелдер көбінесе жалғыз қалмау үшін ер адамдармен қарым-қатынас орнату үшін танысады. Бұл жерде алаяқ олардың ажырасқан, бойдақ екенін пайдаланған. Ол алаяқтық бойынша тергеліп жатыр", - деді Қостанай облысы бойынша қылмыстық іздестіру басқармасының анықтаушысы Нина Ахмадеева.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также