Қостанайлық тұрғын үйінде есірткі өсірген

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Қостанайлық тұрғын үйінде есірткі өсірген Фото: Қостанай облысының полиция департаменті

Қостанай қаласы Есірткі бизнесіне қарсы күрес қызметкерлері үйінде қарасора өсірген 33 жастағы ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қостанай қаласы Есірткі бизнесіне қарсы күрес қызметкерлері үйінде қарасора өсірген 33 жастағы ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қостанайлық үйінде қарасора өсірген. Ол оны гүл құмыраларына салып шамның астына қойған.  

"Сонымен қатар, жедел уәкілдер ер адамнан салмағы 55 грамнан асатын марихуана тәркілеген. 2019 жылы күдікті есірткі қылмысымен айналысқан. Осыған дейін еш жерде жұмыс істемеген, ата-анасымен бірге тұрып, марихуана қолданған", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Жарнама
Жарнама

Қостанай облысында жыл басынан бері есірткіге қатысты 63 қылмыс пен құқық бұзушылық анықталды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 4 келіден асады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама