Көз алдында болған төбелесті тоқтатпаған полицей жұмыстан қуылды

Алматыда к?з алдында?ы т?белесті то?татпа?ан жол ?оз?алысын реттеуші полицей ж?мыстан шы?арылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?алалы? ІІД-ні? ресми ?кілі Салтанат ?зірбекке сілтеме жасап. 

Алматыда көз алдындағы төбелесті тоқтатпаған жол қозғалысын реттеуші полицей жұмыстан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап. 

"Тәртіптік комиссияның қорытындысы бойынша қызметтік міндетін орындамағаны үшін, сондай-ақ, әрекетсіздік танытып, құқық қорғау органдарының беделін түсіргені үшін құқық қорғау органдарынан қызметтен шығарылды", - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД өкілдері. 

Айта кетейік, таяуда әлеуметтік желілерде оқиғаның видеосы таралған еді. Оның кадрларынан екі ер адамның қиылыста тұрып, төбелескені көрсетілген. Бір қызығы, жол реттеуші инспектор сол маңда тұрған. Алайда ер адамдар оған мән бермейді де. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұл оқиға "Алтын орда" базарының маңында болған. 

 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама